419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда бірқатар кәсіпорын жұмыс істей бастады  

  • 383
  • UPD: 21:39, 21.04.2020
Нұр-Сұлтанда бірқатар кәсіпорын жұмыс істей бастады  

Елордада бірқатар кәсіпорын қалыпты жұмысын жалғастыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында өндіріс орындары мен техникалық қызмет көрсету орталықтары басым. Олар таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Осы аралықта санитарлық талапты қатаң сақтауы керек. Ал мейрамханалар мен кафелер онлайн тапсырыс бойынша кешкі 10-ға дейін, екінші дәрежелі банктер сағат 4-ке дейін жұмыс істей алады. Бастысы, қызметкерлерінің саны 50 проценттен аспауы керек. Нотариустерге де жұмыс істеуге рұқсат бар. Бірақ олар клиентке тек алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсете алады. Осылайша, бас қалада қазір 2,5 мың нысан жұмысын жандандырды. Онда 80 мың адам еңбек етуде.

Қасымхан Жүзенов, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

– Жұмысын қайта бастауға рұқсат етілген кәсіпорындар қызметкерлерін қажетті бұйымдармен қамтамасыз ету керектігін ескертеміз. Олар өздерінің жеке қорғаныс құралдары, антисептиктер, қолғаптар, маскамен қамтамасыз ету керектігін айтамыз. Және де асханаларда үстелдердің ара қашықтығы 2 метрден асуы тиіс. Жұмысшылардың денсаулығы үшін жауапкершілікті ұйымның басшыларына жүктеледі. Жоғарыда айтылған ережелер бұзылған жағдайда ұйымның жұмысы тоқтатылады.

Хабар 24 телеарнасы