420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөздік әскерилер баспаналы болды

  • 421
Аягөздік әскерилер баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындағы «Оңтүстік» қалашығында 60 отбасына тұрғын үйдің кілттері табысталды. Өткен ғасырдың 90-жылдары қаңырап бос қалған бұл үй Қорғаныс министрлігінің күшімен толық күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілді. Ауланың аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы және жаттығу құралдары бар спорт алаңы орнатылған. Қоныс тойын тойлағандардың бірі – көп балалы Жұмахметовтар отбасы. Бірнеше жыл баспана мәселесі мазалаған әскери қызметші енді қиындықтар артта қалғанын айтады. Қорғаныс министрлігі биыл 36 ғимарат пен құрылысқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алмақ. Оның ішінде 70 пәтерден тұратын тағы бір тұрғын үйді шілде айында іске қосу жоспарда бар.

Қадыр Жұмахметов, 10810 ӘБ байланыс ротасының бөлім командирі:

– Баспаналы болғанымыз жұмысымызға, бәріне қолайлы. Жұмысқа жақын. Қызметімізді де алаңдамай атқарамыз. Спорт кешені бар, Оңтүстік қалашығында жаңа мектеп салынған.

Хабар 24 телеарнасы