425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде зауытта болған апаттың себебі белгілі бола бастады

  • 287
  • UPD: 20:54, 15.06.2020
Ақтөбеде зауытта болған апаттың себебі белгілі бола бастады

Ақтөбе хром қосындылары зауытында болған төтенше жағдайдың себебі анықтала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпорындағы оқыс жайттан кейін тексеруді қолға алған арнайы комиссия жүргізілген жұмыстың қорытындысын жария етті. Апатқа жұмыс беруші тарап кінәлі. Негізінен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережесі бұзылған. «Ал қызметкерлердің кінәсі шамамен 20 процентті құрайды», – дейді еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма өкілдері. Комиссия жұмысының қорытындысы енді құқық қорғау органдарына тапсырылады. Еске сала кетейік, 28 мамыр күні зауытта болған төтенше жағдайдан төрт жұмысшы қаза тапқан еді. Денесін күйік шалған тағы екеуі ауыр жарақаттанып ауруханаға түсті. Кейін науқастың бірі қайтыс болды. Қайғылы оқиға 50 текшелік цистернаны тазарту кезінде болған. Оқиғадан соң қылмыстық іс қозғаған полиция департаменті бірнеше тұлғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ал зардап шеккен жұмысшылардың отбасыларына 23 млн теңге көлемінде материалдық көмек беріледі.

Қуаныш Қамиев, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бөлім басшысы:

– Жұмыс берушінің кінәсі 80 пайыз көлемінде деп белгіленді. Қалған 20 пайызы еңбеккерлердің тарапынан болған.Олар да өрескел кемшілік жіберген. Қайғылы жағдайдың негізгі себебі – тиісті ереженің бұзылуы және өндіріс жұмысы қалыпты деңгейде ұйымдастырылмаған.

Хабар 24 телеарнасы