Аралды қалпына келтіру мүмкін бе?

Мамандар Арал теңізін қалпына келтіру мүмкін екеніне сенбей отыр. Арнайы репортажды тамашалаңыздар.

 Бүгінде Аралды қалпына келтіруге байланысты сан пікір айтылады. Соның бірі – Сібір өзендерін теңізге бұру. Кеңес уақытында жасалған бұл жоба Ертіс, Үлбі, Кама, Есіл мен Тобылды Арал мен Каспийге құюды көздеген. Алайда бұл шешім сол күйі қағаз бетінде ғана қалды.

Вадим Соколов, Халықаралық Аралды құтқару қорының өзбекстандық агенттігінің басшысы:

– 1960 жылғы Аралды қалпына келтіру мүмкін емес. Ол үшін су да, техникалық мүмкіндік те жоқ. Әйтпесе біз экономикамызды тоқтатып тастап, алдағы 50-60 жыл бойы су жіберіп тұруымыз керек. Сол кезде теңіз қалпына келуі мүмкін. Бірақ адамдармен, экономикамызбен не болмақ?

Зиновий Новицкий, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы:

– Аралдың суын бұрынғы қалпына келтіру мүмкін емес. Әйтпесе ол үшін су керек. Ал ол суды қайдан аламыз? Бүгінде Өзбекстанда 33 млн халық бар. Ауыл шаруашылығымыз суармалы. Сол себепті Аралға тиісті көлемде су жіберетін мүмкіндігіміз жоқ.

Жанабай Жүсіп, Мойнақ қаласының тұрғыны:

– Теңіз кетті. Теңіз қайтып келмейді. Біздің ұрпақтарымыздың көмегімен, табиғаттың өзгерісімен, Құдайдың өз ісімен келуі мүмкін. Дегенмен әзір теңіз жоқ.

Судың келуін жергілікті тұрғындар ғана емес, мына кемелер мен үлкенді-кіші қайықтар да күтіп жатқандай. Кезінде теңізде толқынмен таласа көкке көтерілген олар бүгін құмға батып барады. Теңіз қайтпаса, дұрысы, экожүйе қалпына келмесе, Аралдағы тіршілікті тірілту мүмкін болмас. 

Авторы: Жасын Біркенов

Сондай-ақ:

Құрғап қалған Аралдың бүгінгі көрінісі

Өзбектер Арал түбін не үшін орманға айналдырып жатыр?

Арал маңында тұратын адамдар көшіп жатыр