Ұлттық экономика министрі әлеуметтік желіде жеке аккаунтын ашты

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Twitter әлеуметтік желісінде жеке аккаунтын ашты.

Ұлттық экономика министрлігі басшысы өзінің парақшасында қазақстандық және әлемдік экономикада болып жатқан процестер туралы пікірімен бөлісіп, ведомствоның қызметі мен бастамалары туралы хабарлап отырмақ. ҰЭМ басшысы келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, өзекті тақырыптар бойынша қажетті пікірлерді жедел беріп отыруды жоспарлауда.

Ә.Ерғалиевтің басқа әлеуметтік платформаларда аккаунты жоқ.