Каспий жағасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай концерт өтті

Қарт Каспийдің жағасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай концерт өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асау толқынның өзі әсем ән естілгенді тыншып, жағажайдағы жұрт жақсы бір көңіл-күйге оранды. Өнер шеберлері де осынау концертке тыңғылықты дайындалған екен. Мерекелік шарада «Ақтау сазы» фольклорлық ансамблі мен «Ақ кербез» би ұжымы өнер көрсетті. Ақмаржан қала Ақтаудың аспанында ән шалықтап, күй күмбірледі. Әуезді үн, әдемі би кешінен әсер алған елдің қуанышында шек болмады.

Маргарита Омарова, Абай атындағы мдк директорының орынбасары:

- Ақтау қаласының өзінде Абай демалыс кешінімен апта сайын, 2 мезгіл осындай щаралар ұйымдастырып тұрамыз. Қала тұрғындарының, қонақтарының көңіл-күйін көтеру мақсатында карантин талаптарын сақтай отырып, жағажайда, алаңда, саябақта осындай әдемі бағдарлама, концерт, гитара пати ұйымдастырып тұрамыз. Осы шараның бәрі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналады.