Елордада Құрбан айт мейрамында қоғамдық орындар қалай жұмыс істейді?

Құрбан айт мейрамына орай елордада бірқатар нысанның жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, бүгін сауда ойын сауық орталықтарының есігі таңғы 10:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ашық болады. Қоғамдық тамақтану орындары Ashyq жүйесі арқылы кешкі 20:00-ге дейін адам қабылдай алады. Дегенмен, кәсіпкерлер қонақ санын 50%-тен асырмауы тиіс. Ал өзге сауда нысандары қалыпты жағдайда жұмыс істей береді. Қалаішілік және сыртқа қатынайтын автобустар да штатты режимде жолаушы тасымалдайды.