Ресейлік дәрігер COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандардың артықшылығын атады

Ресейлік жұқпалы аурулар дәрігері Евгений Тимаков тек COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандардың артықшылығын атады.

Оның айтуынша, вакцинацияланған адамдар коронавирусты жұқтырған жағдайда жеңіл емделеді. Вакцина алған адамдардың ағзасы иммуностимуляторлық дәрі-дәрмектерге жақсы жауап береді.

«COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған пациенттер ауруханаға сирек түседі», – деді дәрігер.

Германия коронавирус ауруы бойынша «алаңдаушылық аймағына» оралады. Бір айда инфекция таралуы бірнеше есе өсті.

Роберт Кох атындағы институттың ақпаратына сәйкес, бір ай бұрынғы индикатор 19,4-ті құраса, бүгінгі таңда 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 20,4-ті құрады.

Вакцинация деңгейінің артуына қарамастан инфекция көрсеткіші өсуде. Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 3 448 жаңа жағдайы анықталды және 24 адам көз жұмды.

Сондай-ақ...