Қостанайдағы ашық мектеп базарының жұмысы заңсыз деп танылды

Әкімдіктегілердің айтуынша, кәсіпкерлер оқу құралдары мен балалар киімдерінің саудасын рұқсатсыз ұйымдастырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлік және жаяу жүргіншілер жолының ортасына қаз-қатар жиырмадан астам павильон қойылыпты. Бұл қозғалысқа кедергі келтірген. Мұндағы оқу құралдарының бағасы да біршама қымбат. Соған қарамастан келушілердің қарасы қалың. Ал қалалық әкімдік бұл жерде сауда жасауға рұқсат бермеген. Қазір облыс орталығы бойынша анықталған 15 ашық сауда орынын ұйымдастыру жөніндегі қаулы әділет департаментінде қаралып жатыр.

Самат Жанділдин, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметі тарапынан тексерістер жүргізілуде. Анықталғаннан кейін заң шеңберінде шаралар қолданылатын болады. Біріншіден, әрине, ол жердегі заңсыз тұрған обьектілер алынып тасталады.