Жерімізден ғарышқа туристер аттанады

Ғарыш туристері Байқоңырға кейінгі 12 жылда алғаш рет барды. Желтоқсанның 8-і күні екі жапон турисі мен ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин Халықаралық ғарыш станциясына аттанады.

Бұған дейін экипаж дайындықтарын жалғастырады. Олар халықаралық ғарыш станциясында 12 күн болады. Айта кетейік, кеңістіктегі станцияға ғарыш саяхатшылары соңғы рет 2009 жылдың қазан айында барған. Жалпы онда 7 турист болып қайтқан. 

Юсаку Маэдзава, ғарыш турисі:

- Толқып тұрғаным соншалық көзіме жас келіп тұр. Мұның барлығы адамға қатты әсер етеді екен. 

Александр Мисуркин, ғарышкер:

- Киімдерді киіп көріп, кемені қарап шықтық. Барлық басқару жүйелерін тексеріп кемедегі жағдайға бойымызды үйретіп жатырмыз.