Елордада ірі сауда үйлері жабылды

Елордада ірі сауда үйлері жабылды
Яндекс

Елордада Уәлиханов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар ірі сауда үйі жабылды.

Олардың ішінде «Артем», «Магнум» және «АйМакТау» бар.

«Магнум» маңын полиция көліктері қорғап тұр.

Қалалық әкімдік маңына патруль қойылған.

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі енгізілді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Шерушілер Алматы қаласының әкімдігіне басып кірді

Шымкенттегі тәртіпсіздік: төрт полицей ауыр халде жатыр

Ұсталған азаматтардың жеке заттары мен көліктері жіті тексеріледі – Бас прокуратура