Елордада белсенді азаматтар тәртіпті қамтамасыз етпек

Полиция мен күштік құрылымдарға белсенділер көмектесуге әзір, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, кезінде таулы Қарабақтағы қақтығысты реттеуге қатысқан ардагерлер қауымы елдің қарулы күштеріне қосылуға дайын екендерін жеткізді. Қазіргі таңда бірлестікте 5 мыңға тарта ардагер бар. Олар «қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысамыз» деп отыр. 

– Құқық қорғау органдарына, басқаларының іс шараларына көмектесуге дайынбыз. Халық арасынан «Народный дружина» дейді ғой сондай жасақ құрып, солардың жасақтардың іс әрекетін қамтамасыз етуге, құқық қорғау саласымен бірігіп жұмыс істеуге, қажет болса біз соларды басқаруға дайынбыз.

– Біз өз тарапымыздан қандай да бір көмек беруге даярмыз. Өйткені біз өзіміздің тәжірибені соларға бөлісуге түпкілікті даярмыз.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды