Алматыда ҰҚК департаментінен қару-жарақты алып кеткені туралы хабар шындыққа жанаспайды

Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті алып кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәлім болғаны, қаңтардың 4-і мен 8-і аралығында Алматыдағы террорлық актіге қатысқан 2 экстремистік топ жойылды. Қаңтардың 9-ы күні лаңкестердің 4 мүшесі ұсталды. Олар ел аумағында тыйым салынған экстремистік ұйымға адам тарта отырып, жаппай бүлік ұйымдастырды деген күдік бар. Күдіктілер жасырынған жерлерде қару-жарақ, жарық-шу гранаталары, оқдәрі, діни кітаптар мен өзге де айғақ заттар табылған. Қолға түскен лаңкестік топтың басшысы сырттағы ұйыммен байланыста болған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда ол Қазақстанда бүлік ұйымдастырып, билікке шабуыл жасау үшін арнайы келген. Қазір оның сыбайластары іздестіріліп жатыр.

 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні