Екібастұз әкімі халыққа үндеу жасады

Екібастұз қаласының әкімі халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда жөндеу жұмыстары күн түн демей жүргізіліп жатыр. Дегенмен қазандықтарға су жиналып үлгермей жатыр. Сондықтан әкім жұртты сабыр сақтауға шақырды. Сондай-ақ арнайы комиссия құрылған. Әрбір үй тексеріліп, шығын көлемі есептеледі. Әкімдік тарапынан қалпына келтіру жұмыстары толық жасалады.

Аян Уахитов, Екібастұз қаласының әкімі:

- Бұл жерде ешқандай ақпарат жасырын емес. Бұл жерде жағдай оңай емес сол себепті ақпарат сағат сайын өзгеріп отыр.