Нұр-Сұлтанда көлік аударылып қалды

Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік аударылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 тамызда сағат 02:30 шамасында Тұран даңғылымен келе жатқан Toyota Avensis автокөлігінiң жүргізушісі артқы жүріспен Toyota Land Cruiser 150 автокөлігімен соқтығысқан. Соңғысы рульді басқара алмай, аударылып қалған. Соққыдан инерция арқылы Toyota Land Cruiser 150 автокөлігі Nissan Europe автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көліктің 21 жастағы жүргізушісі дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.