Қазақстан сенаторлары Президенттің шешімін қолдайды

Википедия

Қазақстан сенаторлары Мемлекет басшысының шешімдерін қолдайды және оларды жүзеге асыру үшін шаралар қабылдауға дайын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің заңына сәйкес әрекет етіп жатыр. Парламент Сенатының депутаты Қанатбек Сафинов қазақстандықтарға үндеуінде осылай деп атап өтті.

Қанатбек Сафинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Біздің мемлекет халықаралық келісімшарттар шеңберінде көрші достас мемлекеттердің көмегіне сүйенеді. Мұның бәрі конституциямызға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Заңға сай Президент біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Сенаторлар Мемлекет басшысының шешімдерін толық қолдайды. Мен азаматтарымызға заңдарды сақтап, орындауға шақырамын. Президентіміздің «естуші мемлекет» тұжырнамасындағы принциптер кез келген мәселелерді бейбіт келіссөздер мен заңдарға сәйкес шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан тәртіпке бағыну қажет. Мен еліміз қалыпты өмірге тез оралып, кінәлілер жауапқа тартылады деп сенемін.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?