Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден бекеттері ашық

Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі қалыпты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Осы елдегі отандастарымызға құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Өткен тәулікте консулдық қызмет өкілдеріне 200-ден астам адам қоңырау шалған. Көбі қазақстандық студенттер мен туристер. Олар елшіліктен елге қайту және шекарадан өту талаптарын сұраған. Қазір екі ел арасындағы кеден бекеттері ашық. Азаматтар кедергісіз өтеді. Тек әуе қатынасы шектелді, ұшақтар Нұр-Сұлтанмен ғана қатынайды. Өзбекстандық әуе компаниясы Алматы, Ақтау және Ақтөбеге рейстерін кейінге шегерді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті