418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз ауыр атлетика федерациясы (IWF) комитетінің отырысына қатысты

  • 603
  • UPD: 16:35, 11.12.2019
Еліміз ауыр атлетика федерациясы (IWF) комитетінің отырысына қатысты

Лозаннада Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқарушы комитетінің отырысы өтті.

Жиынға IWF вице-президенті, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кездесу барысында әлемдік спорттағы ауыр атлетиканың салмағын арттыру, сондай-ақ «таза» спорт принциптерін сақтау мәселелері талқыланды. IWF атқарушы комитеті өткен жылды қорытындылап, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және 2022 жылы өтетін жасөспірімдер Олимпиадасы талқыланды. Допингке қарсы күресті күшейту мәселелері де күн жоспарынан табылды. Осылайша тәуелсіз федерациялардың санкцияларымен айналысатын тәуелсіз топ Египеттің Ауыр атлетика федерациясын допингке қарсы ережелерді көптеп бұзғаны үшін екі жылға тоқтатты. Нәтижесінде Атқарушы комитет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 2020 жылы Каирден Бухарестке ауыстыру туралы шешім қабылдады. Дүбірлі дода 2020 жылдың 14-24 наурыз күндері өтеді.

Хабар 24 телеарнасы