Садақ атудан ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынына кірісті

Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа жылдағы жаттығу жиынына кірісті деп хабарлайды Olympic.kz.

12 қаңтар күні басталған оқу-жаттығу жиыны 7 ақпанға дейін жалғасады. Команда Түркістан облысындағы «Алма Тау» базасында жаттығады. Садақ атушылар үшін жылдың беташар жарысы ақпан айында өтеді.

Қазақстан чемпионатын 9-16 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы қабылдайды.