Месси мен Неймар текетіресі. Америка кубогының финалында Аргентина мен Бразилия ойнайды

Футболдан Аргентина құрамасы Колумбия командасын ұтып, Америка кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилияның «Ұлттық» стадионында өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды.

Есепті бірінші болып аргентиналықтар ашты. Жетінші минутта Лионель Месси берген пасты Лаутаро Мартинес сәтті пайдаланды.

Екінші таймда колумбиялықтар есепті теңестірді: 61-минутта Луис Диас гол салды.

Ал пенальти сериясында 3:2 есебімен аргентиналықтар басым түсті.