«Қайрат» футболшылары «Омония» клубымен тең тарқасты

«Қайрат» алғашқы ұпайға қол жеткізді. Алматылық клуб қазір УЕФА-ның конференциялар лигасына қатысып жатыр.

Топтық кезең аясында өз алаңында кипрлік «Омония» командасын қабылдады.

Айта кету керек, қонақтар мықты ойыншыларын әкелмеді. Жарақатына байланысты 6 футболшы Кипрде қалды. Соған қарамастан тегеурінді қарсылық танытып, тең дәрежеде өнер көрсетті. Қорытыны есеп: 0:0. Осылайша «Қайрат» тобындағы барлық команда бір ұпайдан еншіледі. Бірақ қосымша көрсеткіштерге байланысты қазақстандық клуб 4-орында тұр. Енді Құрбан Бердыев баптайтын жігіттер 1 қазан күні сырт алаңда швейцариялық «Базель» футбол клубымен жолығады.