Криштиануды құшақтау үшін кішкентай жанкүйер ойын алаңына жүгіріп шықты

Кішкентай жанкүйер Криштиануды құшақтау үшін ойын алаңына жүгіріп шыққан. «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду алаңға жүгіріп шыққан кішкентай жанкүйеріне футболкасын сыйға тартты, деп хабарлайды «Хабар 24» Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Дублинде болды, әлем чемпионатына іріктеу аясында Ирландия өз алаңында Португалия құрамасымен ойнаған болатын. 

Кездесуде гол соғылған жоқ. Ал ойын аяқталысымен алаңға кішкентай қыз жүгіріп шығып, Криштиануды құшақтап алды.

Роналду жанкүйерін бетін қайтармады, тіпті оған футболкасын да шешіп берген.