Катар-2022: әлем чемпионатына ең көп билет сатып алған елдер

Әлем чемпионатының финалдық бөлігіндегі матчтарға 800 мыңнан астам билет сатылған.

Бұл туралы ФИФА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап qazaqsporty.kz хабарлады.

Билеттердің басым бөлігін Катар, АҚШ, Англия, Мексика, БАӘ, Германия, Үндістан, Бразилия, Аргентина және Сауд Арабиясынан жанкүйерлер сатып алған.

Әсіресе турнирдің ашылуы мен финалдық ойынға қызығушылық жоғары. Әзірге жалпы алғанда 804 186 билет сатылған.

Бұл алғашқы кезеңнің нәтижесі. Алғашқы кезеңде билет сатып алып үлгермеген жанкүйерлердің екінші мүмкіндігі бар. Себебі сатылымның екінші кезеңі 5 сәуірде басталады.

Ал турнир жеребесі 1 сәуірде тартылады.

Бұған дейін Катар-2022-нің ресми добы таныстырылғанын хабарлағанбыз. Әлем чемпионатына қатысатын құрамалар тізімімен таныс болыңыздар.