Назым Қызайбай ММА-де бағын сынап көргісі келеді

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіби ММА-де бағын сынап көргісі келетінін айтты.

Назым Қызайбай оқырманының сұрағына «ММА-де бағымды сынап көргім келеді. Көреміз. Бәрін уақыт көрсетеді», – деп жауап берді.

Айта кетейік, кейінгі әлем чемпионатында Назым Қызайбай жарысты ерте аяқтап, жүлдеге қол жеткізе алмады.