Еуро-2022: футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының рейтингі төмендеді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Еуропа чемпионаты аяқталғаннан кейін әйелдер футболынан ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

АҚШ құрамасы рейтингтің көш басында қалды. Бесіншіден екінші орынға Германия көтерілді. Еуропа чемпионатының жеңімпазы – Англия сегізінші позициядан төртіншіге жоғарылады. Қазақстан құрамасы 86-дан 89-ға сырғып, Гайана (88) мен Малайзия (90) арасында тұр. Әйелдер арасындағы еуропа чемпионаты 31 шілдеде аяқталды. Турнир жеңімпазы финалда Германияны жеңген – Англия болды.