Ақтөбе өңірінде киік популяциясын бақылау мақсатында, құралайларға GPS сырға тағып жатыр. Осылайша, ғалымдар ақбөкеннің жүрген жолын, тұрақтаған мекенін көріп отырады.
Елордада Қазақстан неміс жастары одағының 30 жылдығына орай форум басталды. Екі күндік шараға Германия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия елдерінен 90 қатысушы жиналды.
Автожол инфрақұрылымын жаңғырту мен елдің транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған Президент тапсырмалары Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатыр.
Халықаралық отбасы күніне орай Көкшетауда 40 отбасы көшет екті. Олардың арасында көпбалалы және патронаттық отбасылар, еңбек әулеттері мен жас жұбайлар бар.
Абай облысының Аягөз ауданында жас техниктер станциясы ашылды. Енді жергілікті оқушылар робототехника, бағдарламалау және авиамодельдеу бағыттарын терең оқи алады.