Бүгін Ақтау тұрғындары жаппай сенбілікке шықты. Қала халқы жағажай аумағын күл-қоқыстан және қураған қамыстан тазартып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
Жетісай ауданындағы егіс алқаптарына су жеткізетін каналдың қос қапталы опырылып, құлап жатыр. Бастапқыда каналдың ені 25 метр болса, қазір 70-80 метрге жетті.
Каспий жағалауында 200-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды. Балық инспекторлары теңіз сүтқоректілерін Түпқараған ауданындағы жағажайды барлау кезінде көрген.
Түркияда білім саласы қызметкерлері шеруге шықты. Кейінгі бірнеше күнде мектептерде болған оқиғалардан кейін мұғалімдер жаппай шеруге шығып, өз талаптарын білдіріп жатыр.
Қазір судың деңгейі 941 сантиметрге жеткен. Қаладағы саяжай қауымдастықтарына қауіп төніп тұр. Сондықтан полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері күні-түні кезекшілік жасап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.