АҚШ-та 70 жылдан бері алғаш рет әйелге қатысты өлім жазасы орындалды

АҚШ билігі 70 жылдан бері алғаш рет әйел адамды өлтіру туралы үкімді орындады, деп хабарлайды New York Times.

Сотталушы Лиза Монтгомери 2004 жылы аяғы ауыр келіншекті айуандықпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.

Ал 2020 жылдың қазан айында ол өлім жазасына кесілген болатын

Мұның алдында үкім 8 желтоқсанда Индиана штатында орындалады деп жоспарланғанымен, сот шешімі бойынша ол 12 қаңтарға шегерілді. Ал 11 қаңтар күні Индиана соты Монтгомеридің психикалық ауытқушылығы бар деген себеппен өлім жазасын кейінге қалдырған болатын. Дегенмен АҚШ-тың Жоғарғы соты бұл шешімді жоққа шығарып, 12 қаңтарда өлім жазасын орындауға рұқсат берді.

Басылым мәліметінше, Монтгомериге Индиана штатының Терре-Хот түрмесінде денеге инемен дәрі жіберу арқылы өлтірілді.

Монтгомеридің адвокаты Келли Хенри АҚШ билігі осылайша заңды бұзды дегенді алға тартты.

 

Сондай-ақ...