Қытайда арматура арзандады

Қазақстанда құрылыс қызып жатқанда Қытайда жауын-шашын маусымы басталып кетті. Бұл көрші елдегі үй салу қарқыны бәсеңдейді деген сөз.

Сөйтіп, мұнда болат арматура арзандап жатыр. Шанхай фьючерлік биржасында құн 5,5 процентке төмендеген. Демек, қазақстандық құрылыс компаниялары өнімнің тоннасын енді 5678 юань, яғни 820 долларға ала алады. Қазірдің өзінде аталған құрал едәуір қымбат, сондықтан сарапшылар бағаның тағы да төмендейтінін болжап отыр.