АҚШ, Майами: Құтқарушылар тағы бір адамның денесін тапты

АҚШ-тың Сёрфсайд қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің құлауынан опат болғандар саны артып, 12-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар үйінділер астынан тағы бір адамның денесін тапты. Бұл туралы қала билігі мәлімдеді. Бірақ әлі 149 адамның тағдыры белгісіз күйде қалып отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.

Еске сала кетейік, өткен бейсенбі күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Сёрфсайд қаласында 12 қабатты тұрғын үйдің жартысы опырылып құлаған болатын. Апаттың себебі анықталып жатыр.

Сондай-ақ...