Мехикода қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ата-аналары шеруге шықты

Мексика астанасында қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ата-аналары көшеге шығып, наразылық шарасын өткізді.

Шерушілер осы ауруға қарсы дәрі-дәрмек жетіспей, балалар дер кезінде ем-дом ала алмай жатқанын айтады. Жалпы Мексикада балалар өлімі арасында онкологиялық аурулар 2-орында тұр. Бұл елде осы дерттен жыл сайын 2 мыңнан астам бала көз жұмады.

Бланка Гарсия, шеруші:

- Балаларға аяушылық танытсаңыздаршы. Олар өздерін қорғай алмайды. Сондықтан біз қол қусырып қарап отырмай ата-ана ретінде әрекет етеміз деп шештік. Егер үкімет дәрі-дәрмекті жеткілікті көлемде сатып алса қазір ауруханаларда препараттар тапшылығы болмас еді.