Байден қираған үйдің тұрғындарымен кездесті

Майамиде қысқа үзілістен кейін қираған көп қабатты үйдің үйінділерінде іздестіру жұмыстары қайта жалғасты.

Таяуда Сёрфсайд қаласына АҚШ президенті барып қайтты. Джо Байден құтқарушылар мен үй тұрғындарының туыстарымен кездесті. Жартылай құлаған ғимарат тіректерінің бірі қауіп тудырған соң онда құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылған еді. Сол себепті АҚШ президенті оқиға орнына бара алған жоқ. Өткен бейсенбіде Майами округының Сёрфсайд қаласында 12 қабатты тұрғын үй опырылып түсті. Апаттан 18 адам қаза тапқаны белгілі. 140-тан аса тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.       

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Жақын адамдардан айырылу үлкен қайғы. Ал олардың аман қалғанын, қалмағанын білмеу одан да ауыр. Бұл жерге ұзақ уақыт келе алмағаныма кешірім сұраймын. Әрқайсыңызбен әңгімелесу мен үшін маңызды болды.