«Тәліптер электр жарығының ақысын төлемейді»: Кабул түнекке орануы мүмкін

Ауғанстан астанасы қысқа қарай жарықсыз қалуы мүмкін.

Өйткені «Зе Уолл Стрит Джорнэл» басылымының хабарлауынша, тәліптер электр ақысын төлемейді.

Мұнда энергияның негізгі бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Ираннан жеткізіледі. Ал жергілікті өндіріс қуаңшылықтың салдарынан тоқтап қалды. Яғни су электр станциялары жұмыс істемейді. Билікке «Талибан» қозғалысы келгелі тұрғындардан электр ақысы жиналмаса керек. Енді келісім-шартқа сәйкес, көрші елдер энергия беруді тоқтатуы мүмкін. Ал қарыздың көлемі 90 миллион доллар. Тәліптер әзірге бұл мәселеге бас қатырып жатқан жоқ.