Брюссельде климаттың өзгеруіне қарсы наразылық акциясы өтті

Бельгия астанасы Брюссельде климаттың өзгеруіне қарсы наразылық акциясы өтті. Шара БҰҰ-ның Климаттың өзгеруіне қатысты конференциясы алдында ұйымдастырылды.

Мыңдаған адам Брюссельдің орталық көшелерімен жүріп өтті. Қоршаған ортаны қорғаушылар әлем елдерінен мәселені шешу үшін шұғыл әрекет етуді талап етіп отыр.

Айта кетейік, осы айдың соңына таяу Шотландияның Глазго қаласында әлем елдері басшыларының қатысуымен климаттың өзгеруіне қатысты ғаламдық форум өтуі тиіс.

Мартин Чапут, шеруге қатысушы:

- Климаттың өзгеруіне қатысты шұғыл әрекет ету керек деп көптен бері айтылып келеді. Алайда әлі күнге дейін ешқандай шаралар қолға алынған жоқ. Сондықтан мәселені шешетін уақыт жетті деп ойлаймын.