Германияда әуе билеттері қымбаттауы мүмкін

Германияда энергия тасымалдаушылардың қымбаттауына байланысты өткен айда инфляция 7,3 процентке жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кейінгі 40 жылда болмаған ең үлкен көрсеткіш. Елдегі ірі дүкендер желісі азық-түлік бағаларын көтеруге мәжбүр болғанын айтады. Ал немістің авиациялық өнеркәсіп қауымдастығы алдағы уақытта әуе билеттерінің құны артатынын ескертіп отыр.