Калифорнияда ақ жауын себелейтін дүңгіршік бар

Аптап ыстықта сәл салқындап әрі суретке түсу үшін калифорниялықтар ерекше дүңгіршектің кезегіне тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаз мезгілінде жаңбыр жаумайтын штат тұрғындары үшін бұл айрықша құбылыс. Нөсерлі Сиэтл шаһарының көрінісі бейнеленген дүңгіршектің шатырынан жауын тамшылары себелейді. Осылайша Вашингтон штатының әкімшілігі өңір үшін таңсық ауа райын таныстыра отыра, туристерді тартудың амалын ойлап тапқан. Суретке түсіретін жазғы нөсер дүңгіршегі Американың оңтүстік штаттарына апарылмақ.