Numbeo ғаламдық аналитикалық платформасы үй сатып алу қолжетімділігі бойынша әлемдегі 111 елдің рейтингін жариялады. Жылжымайтын мүлік құнының отбасының жалпы кірісіне қатынасы ескерілді: бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы. Тұрғын үй бағасы қолжетімді 10 ел: Сауд Арабиясы – 2.66. Оңтүстік Африка – 3.44. АҚШ – 4.04. Пуэрто-Рико – 4.15. БАӘ – 4.49. Палестина – 4.67. Оман – 5.45. Исландия – 6.11. Қатар – 6.13. Кипр – 6.57. Тұрғын үй бағасы қолжетімсіз 10 ел: Гана – 101.2. Сирия – 66.09. Гонконг – 45,71. Камбоджа – 39,84. Шри-Ланка – 38,56. Ямайка – 35.21. Иран – 34.87. Филиппин – 30.2. Қытай – 27,89. Кения – 25.05. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан бұл рейтингте 9,49 көрсеткішпен 77-орынға ие болды. ТМД елдеріне келетін болсақ: Өзбекстан – 26-орын (17.42), Беларусь – 27 (16.24), Ресей – 30 (15.31), Украина – 61 (11.21). Ақпарат көзі: krisha.kz