387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент: Мемлекет өз азаматтарын тыңдай білуі тиіс

  • 167
  • UPD: 16:05, 06.09.2019

Мемлекет өз азаматтарын тыңдай білуі тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында осылай деді.

Демек, елімізде әлеуметтік саясат қайта қаралады. Ал ұлттық экономика азаматтардың әл-ауқатына негізделетін болады. Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында да, Қазақстан халқына арнаған алғашқы жолдауында да әлеумет әлеуетін көтеруге үлкен көңіл бөлген. Бұл жолы ол «мемлекет табысын бөлуде әділдікті күшейтуге тиіспі» деді. Ал Ұлттық кеңес жанынан құрылатын жұмыс топтары бұған мұрындық болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Біз бүкіл қоғам болып жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз. Табысты жұмыс істеуі үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек. Бұл мемлекеттің міндеті. Біз осы міндеттерді орындауымыз керек. Ұлттық кеңестің жұмысы нақты әрі нәтижелі болу үшін келісім бойынша үш жұмыс тобы құрылды. Бұл экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді.

Хабар 24 телеарнасы