Елордада түркі әлемінің атласы жарық көрді

Құнды еңбекте 200-ден аса карта жинақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атластың тұсаукесері «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шараға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Өзбекстандағы түркі ұйымдарының басшылары мен ғалымдар қатысты.

«Атлас Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы «Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ» деген ойына дәлел бола алады», - дейді ғалымдар. Іргелі еңбектің электронды нұсқасы да бар.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

- Бірінші орыс тілінде шығардық. Өйткені материалдардың көбісі орыс тілінде. Қазақ тіліндегі дайын. Қазір тиражы 1000 данамен шықты. Бірақ сұраныс көп болады ғой деп ойлаймын. Сондықтан болашақта бұл кітапты қолжетімді етуге тырысамыз.