Талдықорғанда сайлаушылардың 60 проценті дауыс берді. LIVE

Алматы облысында 1 мың 53 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Соның 58-і Талдықорғанда орналасқан.

- Қай учаскеде тұрсыздар? Ол жерге қанша адам келіп дауыс берді? 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Қазір біз Талдықорғандағы №974 сайлау учаскесінде тұрмыз. Бұл жерге бүгін мыңнан аса адам келіп, дауыс берген. Сайлаушылар негізінен түске дейін көп болса, түс ауа саябырлай бастады. Кешкісін тіпті сиреді. Жалпы облыс бойынша саяси науқанға 1 млн 400 мыңнан аса адам қатысады деп жоспарланған. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта олардың процентке жуығы өз таңдауын жасаған екен. Көпшілік дауыс беру орындары жұмыс істеп жатса, әскери және жабық мекемелерде сайлау аяқталған. 

Тимур Дәуітов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Қазіргі таңда қолжетімділігі шектеулі 18 сайлау учаскесі дауыс беруді аяқтады. Өйткені сайлаушылар тізіміне енгізілгендердің барлығы дауыс берді. Шамамен 5 мың адам өз таңдауын жасады. Одан бөлек өз үйінде дауыс бергендер бар. Сайлауды 4371 байқаушы қарауда. Сайлау науқаны жоспарға сәйкес өтуде.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Айта кетейік, Алматы облысында бес партиядан 312 кандидат сайлауға түсіп жатыр. Саяси науқанның заңға сай өтуін партиялардың өкілдері мен шетелден келген бақылаушылар қадағалауда. Үш сағаттан кейін дауыс беру науқаны аяқталады. Нақты қорытындысы есептеу жұмыстарынан кейін белгілі болмақ.