427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылы шетелдік жұмыскерлерді тартуға квота ҚР-дағы жұмыс күші санының 0,31%-ін құрады

  • 236
  • UPD: 14:01, 12.01.2021
2021 жылы шетелдік жұмыскерлерді тартуға квота ҚР-дағы жұмыс күші санының 0,31%-ін құрады Экспресс К

Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға жыл сайынғы квота жұмыс берушілердің қажеттілігі негізінде биыл республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31%-ті немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

Бүгінгі күні 1,7 мың кәсіпорында 14,6 мың шетелдік азамат жұмыс істейді, бұл ретте ұйымдардағы қазақстандық қызметкерлердің үлесі 96%-ті құрайды.

2021 жылы ШЖК тартуға берілген рұқсаттардың ішінде келесі санаттар бар: бірінші санат бойынша 1 354 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 7 510 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 12 235 адам және 4 170 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 976 адам тартылды.

Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғау және қазақстандықтар үшін жұмыс орындарын сақтау үшін ШЖК тарту квотасы 2019 жылмен салыстырғанда 40%-ке қысқартылды, бұл ретте жұмыс берушілердің тапшы мамандықтарға қажеттілігін өтей алды.

2020 жылы жергілікті атқарушы органдар ШЖК тарту үшін 17,3 мың бірлік (бекітілген квотаның 59%) мөлшерінде жұмыс берушілерге рұқсаттар берді және ұзартты.

2020 жылы ШЖК арасынан 30-дан астам адамды тартатын кәсіпорындарға 71 тексеру жүргізілді, бұл 608 бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді.

Тексеру нәтижелері бойынша жұмыс берушілерге 113 ұйғарым берілді, 8,4 млн теңгеден астам сомаға 50 әкімшілік іс қозғалды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша ШЖК тартуға 32 рұқсат кері қайтарып алынды.

Айта кету керек, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы Еңбек және көші-қон заңнамасын бұзу саны азайды (1006-дан 608 жағдайға дейін), сондай-ақ еңбекақы төлеудегі сәйкессіздік 479 жағдайдан 1-ге дейін қысқарды.

Хабар 24 телеарнасы