Жұмыспен қамту: есеп пен атқарылған жұмыс арасында айырмашылық үлкен

Халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша да берілген есеп пен жасалған жұмыстардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар.

Осылай деген Президент ондаған, жүздеген мың жұмыс орындарының ашылғаны туралы мәліметті тексеру кезінде айырмашылық бар екеніне шүйлікті. Әйтпесе жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға 1 триллион теңге бөлініп, бұл қаржының 98,2 проценті игерілген.

– Азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр. Бірыңғай ақпараттық жүйеге бір адам туралы мәлімет қайта-қайта енгізіледі. Дәл осындай 15 мың жағдай тіркелген. Жұмысқа орналасты деген адамдардың үштен бірі зейнетақы қорына қаржы аудармаған болып шықты. Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан (79%), Қызылорда (43%) және Жамбыл облыстарында (36%) анықталып отыр. Жалпы, еңбекпен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы «көлеңкеде» қалып қойған. Жұмыспен қамтудың жол картасына бөлінген 1 триллионнан небәрі 5,5 миллиард теңге салық төленген. Бұл – жарты-ақ пайыз деген сөз! Мемлекеттік кіріске жауапты органдар мәселені қатаң бақылауға алуы керек. Қажет болса, құқық қорғау органдарын да осы жұмысқа тартамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Қ.Тоқаев жаппай вакциналауға қатысты тапсырма берді

А.Цой «қызыл аймақтағы» өңірлерді қосымша шаралар қабылдауға шақырды

Қазақстанда инфляция деңгейі 7,5%-ті құрады

Ел экономикасы қашан қалыпқа келеді?

Үкіметке шағын және орта бизнеске қолдау көрсету тапсырылды

ҚР Президенті: Жүз мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды

Мемлекет басшысы: Фармацевтика саласында монополияға жол берілмейді

Президент жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін айтты

Қазақстандықтардың 48 проценті ғана экологиялық жағдайға көңілі толады

Қ.Тоқаев бәсекелестікті дамытатын заң қабылдауды тапсырды