Іздеуде жүрген Владимир Тургунов Беларусьтен экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполының қызметкерлері Беларусьтен Владимир Тургуновты экстрадициялады.

Ол қару қолдану арқылы қарақшылық шабуылды, адам ұрлауды және 100 млн теңгеден астам сомаға бөтеннің мүлкін ұрлауды ұйымдастыруға күдiктелуде.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта В. Тургунов Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі