Әкім сайлауы: Партиялық емес байқаушылар 12 ереже бұзушылықты тіркеді

Кеше өткен ауыл әкімдерін сайлауда дауыс берушілер тарапынан айтарлықтай ереже бұзушылық тіркелмеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқаушылардың назарына іліккені техникалық сипаттағы қателіктер болды. Партиялық емес байқаушылар орталығынан хабарлағандай, мұндай қателіктердің 12-сі тіркелген. Атап айтсақ, кей азаматтар бюллетеньді куәліксіз алмақ болған. Енді біреулері дауыс беру кабинасына екеулеп кіруге тырысқан. Кей жағдайда әлеуметтік қашықтықты ұстау ережесі бұзылды. Алайда сайлау комиссиясына айтылып, кейін тиісті ескерту жасалып, жағдай түзелген. Десе де, кейбір байқаушылардың өзін тиісінше ұстамағаны мәлім болды. Олар теріс нәтижелі ПТР-анықтамасын не вакциналау паспортын құжаттарына тіркеуге тиіс еді. Санитарлық талапқа бағынғысы келмеген олар ашуға бой беріп, тіпті шатақ шығаруға тырысқан көрінеді. Осы ретте партиялық емес бақылау орталығы байқаушылардың Этика кодексін әзірлеуді ұсынып отыр.

Төлеген Құнаділов, Партиялық емес байқаушылар орталығының төрағасы:

- Әрбір байқаушының бірыңғай, бір ережеге сай келетіндей жасау керек, уақыты келді деп есептеп отырмыз. Біздер енді ары қарай жүйелі, кәсіби байқаушылар пулын ары қарай жалғастырамыз. Оқыту үрдісін де, ұйымдастыру үрдісін де, алгоритм бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырамыз.

Сондай-ақ...