Алматы, Талдықорған, Тараз және Қызылордада барлық әкімшілік ғимарат босатылды

Алматы, Талдықорған, Тараз және Қызылорда қалаларындағы барлық әкімшілік ғимарат босатылды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлап отыр. Қазір маңызды деген барлық стратегиялық нысан мен әскери қойманың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сондай-ақ лаңкестердің жасырынуы мүмкін деген аумақтарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр делінген комитет таратқан ақпаратта.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні