Қазақстандық студенттер мамандық таңдауға көмектесетін «Бағыт» қосымшасын ойлап тапты

Ол бітіруші түлектерге мамандық таңдауға көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі тілді қызмет көрсететін жоба арқылы жастар бос орындар мен жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпаратты да ала алады. Қосымша биыл іске қосылады. Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының көмегімен іске асты. Жалпы бұл орталық арқылы биыл барлығы 102 жоба грант алған. Қаржылай қолдау негізінен білім, денсаулық, балалар құқықтары мен қоршаған ортаны қорғау сияқты 15 әлеуметтік маңызды бағытты қамтып жатыр.

Ғалым Құрман, «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының басқарма төрағасы:

- Біздің жобалардың барлығы әлеуметтік жағынан бағытталады. Мысалы, өмірде қиын жағдайға түсіп қалатын кездер болады. Жоба аясында психологиялық көмек көрсетеміз. Біздің жоба арқылы орталықтар ашылады.