Арқалықта жаңадан салынған жылыту орталығында жарылыс болды. LIVE

Апат кеше сағат 17:00 шамасында болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Райысовтың айтуынша, дәл қазір екінші су жылытқыш және үш бу қазандығы қалыпты режимде істеп тұр. Яғни қалада жылу да, ыстық су бар. Оқыс оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Жөндеу жұмыстары қашанға дейін созылатыны әзірге белгісіз. Естеріңізге сала кетейін, Арқалықтағы бұл жылу орталығы былтыр қолданысқа берілді. Оның құрылысына республикалық бюджеттен жеті жарым миллиард теңге бөлінген. Модернизациялау шығынды азайту мақсатында атқарылды. Орталық қымбат мазуттан бас тартып көмірге ауысты.