Петропавлда Есіл өзені арқылы өтетін көпір салынады. Өйткені қазір ескісінің жағдайы сын көтермейді. Стратегиялық нысан өткен ғасырдың алпысыншы жылдары пайдалануға берілген. Содан бері мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Бүгінде оның асфальт жабындысы ойылып, қозғалыс қиындай түсті. Жоспар бойынша жаңа көпірдің ұзындығы - 345, ал ені 31 метр, яғни төрт жолақты болмақ. Бұл өткелден тәулігіне шамамен сегіз мыңнан астам көлік қатынайды. Қанат Өсербаев, "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ СҚОФ басшысының орынбасары: - 21,5 миллард теңгеге жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. Былтыр үш мәрте конкурс ойнатылды. Алайда мердігер анықталмады. Ал биыл құрылыс материалдарының 2-3 есеге дейін қымбаттауына байланысты, ол енді қайта есептеледі. Ескі көпір бұзылмайды. Болашақтиа онымен жаяу жүргіншілер қатынайтын болады.