Павлодар облысы тұрғындары да референдумда белсенді дауыс беріп жатыр. Павлодар облысында 521 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады.
Бүгін елде болып жатқан саяси науқанқа қатысушылардың белсенділігі қандай? Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы әр екі сағат сайын ақпаратпен бөлісуде.
Бүгінгі референдумға қатысып, өз таңдауын білдіруге құқылы 446 мың 391 батысқазақстандықтың 2 мың 254-і дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар жандар.