Іздеу

Есірткі өсірген әке мен бала ұсталды

Ақмола облысында 54 жастағы ер адам өзінің 26 жастағы ұлымен бірге есірткі зертханасын ұйымдастырған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Наурызнама: Бүгін – Шаңырақ күні

Бүгін – елдегі Наурызнама онкүндігі бойынша Шаңырақ күні. Отбасылық құндылықтарды насихаттап, бірлік пен татулықты дәріптейтін күн.

Павлодар облысында 67 адам қызылша жұқтырды

Павлодар облысы қызылшаға байланысты сақтық шараларын күшейтті. Жұқпалы ауруға қарсы қарсы екпе алмаған балалардың мектеп пен балабақшаға баруына уақытша шектеу енгізілді.

Қараторғай келсе, күн жылиды

Арқаға енді қараторғай ұшып келсе, күн жылып, қар кетеді. Осы бір кішкентай құсты қарағандылықтар көктем сайын күтеді. Биыл қараторғайлар ерте оралады деген болжам бар.

Арқаға ұзақ қарға оралды

Көктемнің алғашқы хабаршысы қар көбесі сөгіле бастағанда-ақ ұшып келеді. Ұзақ қарға табиғат санитары іспетті. Негізінен жәндік-құрттармен қоректенеді.

Әлеуметтік қызметкерлердің құқығы бұзылған

Шығысқазақстандық прокурорлар 317 әлеуметтік қызметкердің құқығын қорғады. Өскеменде мүгедектігі бар адамдардың көмекшілері еңбекақыға қосылатын 6 жарым мың теңге көлемінде экологиялық үстемеақы алмаған.

Шымкенттегі мектеп асханаларында заңсыздықтар анықталды

Шымкентте 56 мектепте оқушыларға арналған тегін ыстық тамаққа бөлінген қаржыны заңсыз иелену деректері анықталды. Тексеру барысында асханаға бармаған оқушылар үшін де жалған тіркеулер жасалғаны белгілі…

«AMANAT» партиясы үндеу жасады

«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты үндеу жасады. Құжат мәтінін партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек оқып берді.

«Қытай – Орталық Азия баспа орталығы» ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қытай – Орталық Азия баспа орталығы» ашылды. Бұл бастама екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өрісін бұрынғыдан да кеңейте түспек.

Маңғыстау облысында аналар фестивалі өтті

«Адай ата - Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ақ жаулықты аналар фестивалі өтті. «Ана жүрегі – мейірім мекені» деп аталған танымдық байқауға Маңғыстау облысының барлық аудан-қаласынан…